Қазақстан азаматы мен оның сыбайласы Омбыда тұратын фермерді өлтіргені үшін айыпталып жатыр. Азамат пен азаматша жәбірленушінің миллион теңгеге жуық ақшасын алып қоймақшы болып, қылмыстық әрекетке барған.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
40 жастағы Қазақстан азаматы адам тонап, өлтіргені үшін ал оның 43 жастағы сыбайласы (әйел), Омбы облысының тұрғыны қарақшылық жасап, адам өлтіруге үгіттегені үшін айыпталып отыр.
Ал арам ойларын қылмыскерлер биылғы жылдың 14 ақпанында жүзеге асырған. Отырыстан кейін Қазақстан азаматы фермерді буындырып өлтірген. Артынша оның үйінен 200 мың рубль (шамамен 1 800 000 теңге) ақша тапқан. Ал дәлелдерді жою үшін қылмыскерлер адамның денесін шошқаға жемтік еткен.
Ер де, әйел де кінәларын жартылай мойындады. Олар ұрлаған ақшаларын азайтып айтып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы тұтқынға алынды, ал оның сыбайласы кәмілеттік жасқа толмаған үш бірдей баласы болғандықтан, ешқайда кетпеу туралы тілхат жазып, үйінде отыр.
Ал қылмыстық іс Омбы облыстық сотында қаралатын болады.