Бүгін Қазақстанның басым аймақтарында құбылмалы ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің соғып, бұршақ болуы мүмкін.
Қазгидрометтің хабарлауынша, республикамыздың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.
Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Кызылорда облысында аптап ыстық. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында да қатты ыстық, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарында күн ыстық, ал кей жерлерде аптап болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.