Қытайда «Чанчжэн-5» ғарыш зымыранының сәтсіз ұшырылуына байланысты тергеу басталды.
Зымыран жер орбитасына байланыс спутнигін жеткізуге тиіс еді деп хабарлады „Хабар-24„ телеарнасы.
«Чанчжэн-5» – Қытайдың ауыр дәрежедегі тұңғыш ракетасы. Ол зеңгір көкке салмағы 25 тоннаға дейінгі жүкті шығара алады. Алғаш рет «Чанчжэн-5» зымыраны 2016 жылы ұшырылған.