Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

“Мен трансвестит емеспін”. Қазақстандық қыз-еркек не дейді?

1230

Шын есімін елден жасыратын Асяның алғашқы образы – америкалық әнші Бритни Спирс.

“Бритни Спирс екеуміз өнер жолымызды бірге бастадық десек болады. Бірақ ол әлем таныған жұлдызға айналды, ал мен сол баяғы деңгеймен қалдым”, – деп күледі әртіс.

Бритни секілді гонорары миллион тұрмаса да, ол алыс-жақын шетелдерді бағындырған.

Әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген суреттеріне қарап Ася ресейлік танымал әншілермен бір сахнада өнер көрсетіп, Берлин, Мәскеуде үлкен кештер өткізгенін аңғаруға болады.

Тағы бір айта кетерлігі, Ася көңілді кештердегі кербез әйелдің рөлін сомдағанымен, күндіз еркекше киініп жүреді екен. Өзінің ет жақындарынан басқаға ол шын есімін де айтпайды, түрін де көрсетпейді. Себебі, қоғамдағы түсініспеушілік оның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

“Мен трансвестит (өзін әйел сезінетін еркектер. Қыздың көйлегін киіп, әйелдің қылығын істегеннен ләззат алатындар) емеспін – еркекпін. Кербез әйел – менің актерлік образым. Қоғам осыны жақсы түсінбей мені бұзылған деп ойлайды. Көшеде мен қыздардың көйлегімен жүрмеймін. Тек сахнада ғана киемін десем болады”,- дейді ол КТК арнасына берген сұқбатында.

Ася алғашқы өнерін университет қабырғасында бастаған.

“Бірінші курс оқып жүргенде “Қыз сыны” секілді байқау өтті. Жатаханадағы қыздардан киім-кешек сұрап алып, боянып, қыз болып өнер көрсеттім. Сенесіз бе, еркек болсам да қыздарды жолда қалдырып, Бас жүлдені иелендім. Осылайша алғашқы өнер жолым басталды”, – дейді кербез келіншек.

Алғашқы кештерге арзан киім киіп, тиын-тебенге өнер көрсеткен Асяның қазір қалағанын алуға жағдайы жетеді. Әлеуметтік желідегі парақшасына қарап отырып оның гардеробында 200-ден астам қымбат көйлегі бар екенін байқау қиын емес.

Өз кезегінде қыз-еркектің гонорары да өскен. Қазір ол бір бағдарламалық шоуға 500 АҚШ долларын сұрайды. Бұл сомаға әртіс оншақты көйлек ауыстырып қазақша, орысша, ағылшынша ән айтып, жанын салып билеп беруге дайын.

Асяның кербез келіншектің рөлін сомдам жүргеніне 15 жылдам астам уақыт өткен.

Ася әйелдікі секілді қыпша белді, тал мүсінді болуы үшін еркектік тәбетінен бас тартып, диетаға отырып, денесін ерекше күтіп ұстайды. Тіпті  қыздар секілді бетіне жиі маскалар жасап тұрады екен. Ал, үлкен қос омырауы мен қиылған қасы-көзі табиғи.

Яғни, ота арқылы ұлғайтпаған. Тек опа-далаппен әйел секілді боянуға жақсылап машықттанған. Тіпті оның кейбір суреттеріне қарап отырып, Асяның еркек екеніне сенбейсіз.

Ася қазір Астанада тұрғанымен,Қазақстанның барлық жеріне барып арнайы тапсырыспен жабық кештерде ғана өнер көрсетеді.

Дереккөз: nur.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз