Мына қыз небәрі 26 жаста. Ағылшын қызы Сара Герц Элерс-Данлос синдромы дейтін сирек кездесетін кеселге шалдыққан.
Бүкіл әлем бойынша мұндай диагноз 12 адамға ғана қойылыпты.
Бұл ауру коллаген синтезінің бұзылуынан болады екен, деп жазады «Лайф». Қыздың терісінің жараланып, жыртылып түсуі оп-оңай, буындары да үнемі ауырады екен.
Бала кезінен салбыраған терісінен әбден ұялып келген қыз енді өзін осы күйінде қабылдайын деп шешті. Ұялмақ тұрмақ, өз терісін мақтан етіп, модель болып кетті.