Қазақстандағы мейрамханаларда тамағын тауыспағандарға айыппұл салына бастады. Швед асханасында әрбір 100 грамм тамақ қалдығы үшін 200 теңге төленеді. Мұндай әдіс тағы қай елдерде қолданылады және бұл қаншалықты заңды?
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Швед мейрамханасындағы бір түскі астың бағасы 1400 теңге. Егер тамаңыңызды тауыспасаңыз әрбір 100 грамы үшін 200 теңге төлейсіз. Ал, тамақты өзімен бірге алып кетуге болмайды.
Осыдан 4 жыл бұрын Гонконг елінде желінбеген тамақ үшін 1 жарым доллар (500 теңге) айыппұл төлейтін ереже енгізілді. Швейцарияда 1600 теңге. Түркия да 3200 теңге айыппұл төленетін еді. Алайда тұрғындардың шағымынан соң бұл ереже алынып тасталды.
Еліміздің тұрғындарының бірі бұл ережені қолдаса, бірі қарсы шығып жатыр.
Ал, диетологтар адамның көп тамақ жеуі жұрыс емес екенін айтады. Әлемде тамақтың 1/3 бөлігі қоқысқа тасталады екен. Мейрамхана өкілдері осындай ысырапшылдықтың алдын алғысы келеді.
Заңгерлер тұрғындарға айыппұл төлеуге міндеттеген жағдайда құқық қорғау ұйымдарына немесе полицияға хабарласа алатындарын ескертеді.