Қыркүйек айында Головкинмен кездесетін мексикалық Сауль Канело Альварес шетелдік шоу-бизнес тақырыбындағы журналдардың басты бетінен түспей жүр.
Сыбысқа сенсек, Канело әйгілі әнші, актер Марк Энтонидің әйелін тартып алған.
Ол бұған дейін 5 жыл бойы әнші Марк Энтонимен тұрды. Алайда сыйыса алмаған. Ақыры ажырасып тынған. Ажырасуға себепші болған дәл осы Канело деседі.
Бірқатар БАҚ алдағы уақытта ғашықтардың ресми түрде некелесетінін хабарлап үлгерді.
Ал Канелоның жолы болған сияқты…
Айта кетсек, Альварес 16 қыркүйекте Геннадий Головкинмен кездеседі. Осы күні GGG иелік ететін WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулері сарапқа түседі.
https://www.instagram.com/p/BVtlXBzHLM2/?taken-by=shadelima