EXPO-2017 көрмесінде 400 мыңдай адам болып қайтқан, ал Астана әуежайына 140 мың шетелдік қонақ келген.
Бұл туралы “Астана ЭКСПО-2017″ ҰК” АҚ төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді, – деп хабарлайды
Tengrinews.kz.
“Нұр Әлем” сферасы ішкі мазмұны мен бірегей сәулетімен тартымды. Соңғы күндердің өзінде ол жерде 150 мың адам болды. EXPO көрмесін жалпылай 400 мың адам тамашалады. Халықаралық көрмеге көптеген елдер қызығушылық білдірді, осылайша, әлемнің 55 елінің азаматтары билет алған. Туристер саны артып жатқанын байқап отырмыз. Маусым айының басынан Астана әуежайы 140 мың шетелдік қонақты қабылдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп”, – дейді Есімов EXPO-2017
Конгресс-орталығындағы конференцияда. Есімовтің сөзінше, 46 елдің азаматтары көрмеде ерікті болып жүр.
“Халықаралық танымдылықты арттыру бойынша үлкен жұмыс жасалды, қазіргі кезде 1,5 миллиард адам хабардар. Көрме соңына дейін бұл сан 2,5 миллиард адамға жетеді”, – деп атап өтті ол.