Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

“Заңгердің керегі жоқ”. Енді үйде отырып, интернет арқылы ажыраса бересіз

Мобильді қосымшада нәпақа мен алимент өндіру, ерлі-зайыптылардың ажырасуы сияқты жиі қолданылатын 10 талап-арыздардың үлгісі бар.

Енді кез келген азамат солардың көмегімен сотқа заңгерсіз-ақ шағымдана алады.

«Болашақта осындай үлгілердің санын арттыру жоспарланып отыр», – дейді прокуратура өкілдері.

Мысалы, Жетісу ауданының соты 2016 жылы дұрыс толтырылмағаны үшін 180 талап-арызды кері қайтарған. Жаңа бастама тұрғындардың ақшасын әрі уақытын үнемдеуге септігін тигізбек. Мобильді қосымшаны әзірге App Store интернет-дүкенінен тегін жүктей аласыз. Алдағы уақытта бұл құрал басқа да интернет-дүкендерде қолжетімді болады.

Амангелді Омаров, Жетісу аудандық прокуратурасының бөлім басшысы:

– Қазіргі таңда жеке заңгерлік компаниялардың біз талдау арқылы анықтадық, олардың жаңағы жәй ғана талап-арызды жазып беруі үшін 40 мың теңгеден бастап баға орнатады екен.

Азаматтар қосымшадағы арыз үлгілерін пайдалану арқылы тегін түрде өздері сотқа жүгіне алатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз