Қылмысын жасыру үшін қаршадай қызды суға ағызып жіберген. Атырауда денесі өзеннен табылған 8 жасар Айкөркем Алдамжардың қасақана өлтірілгені ақыры расталды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Күдікті ретінде оның көршісі ұсталған болатын. Мәліметтерге қарағанда, 28 жастағы Арман Ырысәлиев зорлау мақсатында бүлдіршінге қол жүгіртіп, кейін өлтіріп тынған. Ал өлі денесін суға лақтырған. Күдіктінің де өзінің бір ұл, бір қызы бар.