Соңғы кездері отандық шоу-бизнесте орын алған оқиғалар елді дүр сілкіндірді. Танымалдар арасында біреудің отбасын бұзып, бала тауып жатқандар көбейді. Ал бірінші әйелі мен бірнеше баласын тастап кеткен ерлер елдің қаҺарына ұшырады. Бұл ретте Бибігүл Төлегенова бала-шағасын тастап кеткен ерлерді сынап тастады.
Бұл туралы Төлегенова “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.
Бибігүл Ахметқызының айтуынша, қоғамда бірнеше баласын тастап кететін әйелдер де көбейген.
“3 емес, 5-6 баламен тастап кетіп жатқандарды да көрдік. Қазіргі заманда әйелдердің өздері де тастап кетіп жатыр. Ол енді сәнге айналған”
– дейді ол.
Жалғызбасты аналардың мұңын Төлегенова жақсы түсінеді. Себебі әншінің анасы небәрі 25 жасында 7 баламен жалғыз қалған. Ол аз десеңіз, Төлегенованың өзі де үш баласын жалғыз өзі жеткізген.
https://kaz.365info.kz/khajrat-nyrtasty-anshi-dep-eseptemejmin-bibigyl-tolegenova-elimizde-dimashtaj-anshi-bireu-ekenin-ajtty-264360
«Анамыз 7 баламен 25 жасында қалды, далада қалды. Әкеміз 1937 жылы атылып кеткеннен кейін, бізді далаға қуып шықты. Күзде тізеге дейін қар түскенде біз анамызбен сүйретіліп Қатон-Қарағайдан Семейге келдік. Анамыз өте көп қиыншылық көрді.
Ал енді өзімнің жеке өмірімде де бағым ашылған жоқ. Үш баламен жалғыз қалдым, сол үш баланы жалғыз өзім көтердім. Не істесем де, әйтеуір жұмыс істедім, асырадым, өсірдім. Сол балалардың бәрін көтердім, бәрі де білім алды. Сондықтан балаларын тастап кеткен жас келіншектерді ойлаймын, әуелі тақымын қысып отыру керек қой», – дейді бұлбұл әнші.
Мақала ВК-дағы Атамның басы тобында қызу талқылануда.