Жер сілкінісі бүгін түс кезінде болды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 18 маусым күні 13 сағат 46 минут 17 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 239 км қашықтықта Қазақстан аумағында орналасқан.
Энергетикалық қуаты – 10.3, магнитудасы – 4.4 MPV. Тереңдігі – 20 км. Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы мәлімет жоқ.