ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астана экономикалық форумы кезінде “Қазақстан бұрынғы зейнетақы жүйесіне қайта орала ма?” деген сұраққа жауап берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
Ақышевтың сөзіне сүйенсек, Ұлттық банк бірқатар ұсыныстарды ҚР Үкіметіне жолдады.
Біз азаматтардың БЖЗҚ-мен қосымша келісімшарт жасасуын ойластырдық. БЖЗҚ ақшаны басқаруды Ұлттық банкке береді немесе салымшының таңдауы бойынша басқарушы компанияға өткізеді”, — деді Ұлттық банк басшысы тілшілердің сұрағына жауап беріп.