Павлодарда полицейлер “ВКонтакте” әлеуметтік желісіндегі “Типичный Павлодар” парақшасында құқық қорғау органдарына қатысты балағат сөздер жазған 26 жастағы тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
“Ұсталған қыз кінәсін мойындады. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы бойынша (“Билік өкiлiн қорлау”) cотқа дейінгі тергеу басталды”, – делінген Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, төбелестен 43 жастағы ер адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген еді. “Ол полицейлерге қатысты балағат сөздер айтып, ер адамдардың бірі қайтыс болғанда полицейлердің қайда жүргенін сұрап жазған”, – деп жазады басылым.