Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Ұлттық пантеонға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Жеке менің пікірім – пантеонның қажеттілігін толық қолдаймын. Бұл елдің дамуына үлес қосқан адамдардың атын есте сақтаудың бір әдісі. Бұдан еш жамандық көріп тұрған жоқпын. Қазақстанның әрбір азаматы, егер олар белгілі бір талаптарға сәйкес келсе, пантеонға жерленуі мүмкін. Еш қиындық көріп тұрған жоқпын”, – деді журналистерге Абаев Мәжіліс отырысының үзілісінде.