Танымал продюсер әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Астананың қақ ортасынан “Бал-бала әлемі” атты балалар көңіл көтеретін саябақ ашуға дайындалып жатыр.
Болмановтың айтуынша, басқа саябақтардан ерекшелігі мұндағы әткеншек, көлік, тир атаулының барлығы қазақ тілінде “сөйлемек”. Кәсіпкер киіз үй үлгісінде жасалған мұндай орталықтың әлемде баламасы жоқ екенін айтып мақтанды.
“Қайырлы кеш! Ауыз ашар дұғаларыңыз, ниеттеріңіз қабыл болсын! Алла қаласа 1-2 күнде біздер дайындаған киіз үй үлгісінде жасалған әлемде аналогы болмаған (юрта-батут) дүние, этно-тир – Балбала (балалар атып, тигізген кезде Балбала ойыншықтары ән салады), қазақша әндері бар балалар машиналары, тағы басқа ойындар, дәмді балмұздақ та осы жерде.
Алла берекесін берсін! Ниет түзу! Орысша айтылып жатқан сөздердің бізге қатысы жоқ. Саябақта шығып тұрған дыбыстар! Қүні-түні жұмыс жасап жатырмыз. Екі күнде осы жер адам танымастай өзгермек, Алла қаласа! Дайындалған дүниелерімізді ертең орналастырып, арғы күні түгендеп, 1-маусымда ашылмақпыз! Тарихымызда бұрын-соңды болмаған дүниеге абырой беруін тілеп, дұғада болайық бауырлар! Рақмет!” – дейді Қыдырәлі Болманов Инстаграмдағы жеке парақшасында жүктеген видеосында.