Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Көресіні Димаштың әкесінен көрдім”. Газет редакторы ақылға қонымды ұсыныс тастады

211

Бұл туралы «Ақтөбе» газетінің бас редакторы, ақын Бауыржан Бабажанұлы Facebook-тегі парақшасында жазды.

Бабажанұлының айтуынша, Орал Байсеңгір бұл ұсынысты біраз уақыт бұрын жасаған. Алайда Димаштың ата-анасы елден ұялып, ұсыныстың жарияламауын қадағалапты.

Журналист ақыры дегенінен қайтпай, ұсынысты желідегі парақшасында жариялап, елдің пікірін сұрады.

«Көресіні Қанат Айтбаевтан көріп біттім. Димаш туралы газетке бірдеңе бере қояйын деп хабарлассаң: «Қоя тұр…», «Ұят болады…» деп діңкелетеді де тұрады.

Димаш Қытайдағы «Мен әншімін» байқауынан оралғанда Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат пен Светаны құттықтап, жеделхат жолдады. Соны ести сала, жата кеп жабыстым: «Газетке берейік…». «Жо-жоқ, ол — жеке, отбасымызға келген дүние ғой. Ұят болады». Қанаттан қайыр болмағасын, Светаны жағаладық. «Қанат ұрсады…» деп азар да безер болды ол да. Ақыры әрең илікті. Газетіміздің сайтына жарқ еткіздік. Басқа сайттар іліп әкетті. Жақсы жаңалық қой.

https://kaz.365info.kz/menshiktep-alypty-bygin-khytaj-kosheleri-dimashtyn-suretine-tolyp-ketti-foto-video-263510

Қанат біраз кіржіңдеді. Светаға да бұрқылдапты. Мейлі, қуырып жесе де, өз әйелі, онда шаруам қанша?! «Есегім судан өтті», бастысы.

Сол қуанышты күндердің бірінде досымыз, Димаштың қытайлықтар түгел жаттап алған «Ұмытылмас күн» атты әнінің сөзін жазған Орал Байсеңгір әдемі ұсыныс айтты.

«Ақтөбеде биыл бірқатар әлеуметтік нысандар іске қосылады ғой. Соның ішінде Жастар сарайы бар. Соған Димаштың аты берілсе, қатып кетер еді, иә? Әй, журналистер, осы ұсынысымды баспасөзге жариялаңдаршы». Жұрт ду ете қалды.

Қанаттан басқасы, әрине. Ол баяғы «әніне» басты: «Шығармайтындарың жоқ. Ұят болады». Астанадан, Қытайдан хабарласып, әлгі ұсыныстың газетке шығып кетпеуін қадағалаумен болды. Маған мәтіби, әйтеуір.

https://kaz.365info.kz/ketti-onyn-betin-byzyp-zhan-ahmadiev-bayan-makhsatkhyzyn-reppen-zherden-alyp-zherge-saldy-261251

Меніңше, Оралдың ұсынысы өте дұрыс. Әрі бізде бұрын мұндай тәжірибе бар. Жаңылыспасам, Қарағандыда, Өскемендегі спорт сарайларына олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Ольга Шишигинаның есімдері берілді. Ал Ақтөбедегі су жаңа Жастар сарайына 23 жасында күллі әлемді мойындатқан Димаштың атын берсе, жүзікке қас қондырғандай боп шыға келмей ме?! Қалай ойлайсыздар?» – дейді Бауыржан Бабажанұлы.

Желідегілер ақынның ұсынысын қолдап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз