Әлгі, Ninety One-ның қазақ эстрадасына шығып, елді дүрліктіріп жатқаны аздай, енді дәл сондай боянған “еркексымақтардан” құралған Black Dial деген топ шығыпты.
Q-pop жанрын шығарып жүрген — кіші Беделхан. Корейлерге еліктеген жас әншілердің шаштарын түрлі түске бояп алып, тағы да елдің ашуына тиді. Ашу туғызса да, бір күнде 100 мың көрермен жинап үлгерген Black Dial музыкалық рейтингтің екінші орнында тұр. Бұл көшті бастап тұрған — әдеттегідей, Ninety One.
Ал, Ninety One-ның жақында шыққан өлеңіне Әсел Өтешова былай деп пікір қалдырды:
“Қазақ тілін әлемдік деңгейге шығару — біздің мақсатымыз”, деп ұрандатқан Q-pop бағытындағы топтардың өлеңдерін қазақтың өзі түсінбегенде басқалары қалай түсінсін?
Не де болса, “желбезектері бар” жігіттерді “айыптағың-ақ” келмейді.
Бірақ, ұлттың санасы уланып бара жатыр. Ағайынды Беделхандардың бұл тірлігі не өзі?