Бағлан Әбдірайымов келіншегін тойға көп апара бермейтінін айтты. Сонымен қатар, неке жүзігін де тақпайтынын сөз етті.
Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузанда» бағдарламасында айтылды.
Әнші әлі күнге дейін неке жүзігін тағып көрмепті, тіпті, сатып алмаған. Мұнымен қатар, ол жанында жүрген Ердос Қанаев пен Айдар Байжановтың да неке жүзігін тақпайтынын айтып қалды.
«Оларды тойға алып бару үшін дүниенің уақыты кетеді. Асығыс құттықтап шығатын жерлерге ертіп бару сәл тиімсіздеу. Мен неке жүзігін тағып көрмегенмін. Біз жүзік алған да жоқпыз. Жанымда жүрген Айдар мен Ердос та тақпайды. Ердос аға соңғы жылдары жеңгемізді қасына ертіп жүр. Ол кісі бізге толық сеніп, барлық жұмысты өзімізге тапсырады. Ары қарай жұбайымен бірге той тойлап жүреді», – дейді Бағлан Әбдірайымов.