Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-11
USD
531
+1.72
EUR
544
+4.83
RUB
5.16
-0.01

“Зорлағаным рас”. Қостанайда Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері сотталды

Тергеу құжаттарында келтірілген деректерге сүйенсек, 64 жастағы адвокат өткен жылы қараша айында жәбірленушіні алдап көлігіне мінгізіп, Затобольск ауылының сыртына алып келіп зорлаған.

“Хасенов кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотталушы рақымшылыққа ілініп, басты жазадан құтылды”, — делінеді сот хабарламасында.

Сот оған қатысты заңгерлік көмек немесе осы түрде қызмет көрсетуге 5 жылға тыйым салу туралы да үкім шығарды.

Сондай-ақ сотталушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері деген атағынан айырылды. Сот Әділет министрлігіне сотталушыны адвокаттық қызмет лицензиясынан айыруға ұсыныс түсірді. Жәбірленушіге 1 миллион теңге түрінде моральдық ақы төлетілді.

Сот үкімі әлі күшіне енбеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз