Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-6
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

«Самұрық-Қазына» қорының қызметін қалай бағалауға болады?

Топ-менеджер қордың стратегияға сәйкес «стратегиялық холдинг – белсенді инвестор» мақсаттық бизнес-моделіне өтетіндігін және келешекте фокус бөлек қаржы есептілігі бағытына қарай жылжуы тиіс екенін еске салды. Алайда, осы кезеңде корпоративтік орталықтың қызмет нәтижелерін есептіліктің екі форматы негізінде бағалау әділеттірек, бірақ шоғырландырылған қаржы есептілігі арқылы бүкіл компаниялар тобының қызметіне баса назар аудару керек.

«Портфельдік компанияларға инвестициялар баланстық тарихи құны бойынша бөлек қаржы есептілігінде ескеріледі. Бұл жағдайда таза пайда түрінде танылған еншілес компаниялардың нәтижелері бөлек қаржы есептілігінде «портфельдік компанияларға инвестициялар» құрамында есепке алынбайды. Осылайша, бөлек есептіліктерде көрсетілген инвестицияларың баланстық құны негізінде еншілес компаниялардың нәтижелеріне қордың әсері туралы қорытынды жасау қиын, әрі соншалықты орынды емес»,

– деп атап өтті Ернар Жанәділ.

Бөлек қаржы есептілігінен еншілес компаниялардың нәтижелеріне қор әсері туралы дұыс тұжырымды еншілес ұйымдарға инвестициялар әділетті немесе нарықтық құн бойынша ескерілетін кезде ғана жасауға болады. Яғни, бүгінгі таңда бөлек қаржы есептілігі негізінде қордың стратегиялық қаржы салымдары туралы қорытынды жасау қиын.

Сонымен қатар, корпоративтік орталық қазір бүкіл топ бойынша корпоративтік басқару деңгейін арттыруға белсенді түрде қатысуда. Шығындарды қысқарту бағдарламасы, электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі мен қазынашылықтың ақпараттық-аналитикалық жүйесі жан-жақты енгізілуде, кадрлық саясатты одан ары дамыта түсу іске қосылды, қор тобы бойынша типтік бизнес-процестер оңтайландырылды. Бұның бәрі корпоративтік нәтижелерде шығындардың қысқартылуы ретінде әсер етеді. «Электрондық сатып алу ақпараттық жүйесін енгізудегі шығындардан үнемдеу әсері 2014 жылдан 2016 жылға дейін 180 млрд. теңгеден астамды құрады. Шығындарды қысқарту бағдарламасы 150 млрд. теңгеден артық шығынды азайтуға мүмкіндік берді. «қазынашылық қызметін басқару мақсаттық моделі» жобасының таза әсері 2014 жылдан 2016 жылға дейін 60 млрд. теңгеден артық», – деп мысалдар келтірді топ-менеджер.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың наурыз айында «Самұрық-Қазына» АҚ  ресми сайтында жаңа бөлім – «Корпоративтік блог» іске қосылды, онда Қор топ-менеджерлері өздерінің тәжірибелері, жетекшілік ететін бағыттары мен жобалары туралы айтып, экономикада жіне Қорда болып жатқан әр- түрлі іс-шаралар туралы көзқарастарымен бөліседі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз