Қазақстанның полиция қызметкерлері Мәскеу қаласында өткен қоян-қолтық ұрыс бойынша әлем біріншілігіне қатысып, жеңімпаз атанып қайтты.
Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы жалпы командалық І-орынды иеленді. Әлем чемпионатында ішкі істер органдарының 5 қызметкері (10 жеңімпаздың ішінен) жүлдегерлер үштігіне енді.
Жарыста 55 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Алматы қалалық ІІД АДБ-ның инспекторы Сағын Қазбек жеңіп алса, ал 65 келі салмақ дәрежесінде Ақмола облыстық ІІД-нің КПБ-ның жедел уәкілі Рахметолла Сатыбалдиев жеңіс тұғырына көтерілді.
Сондай-ақ 60 келі салмақ дәрежесінде Алматы қалалық ІІД-нің Арнайы жедел ден қою жасағының инспекторы Ұлан Мұқашев, Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің ЛА-155/1 мекемесі кесте және күзет жүйесінің бақылаушысы Қымбат Ахмет (50 келі салмақ дәрежесінде) күміс жүлдегерлер атанды.
Ал қола медальді 55 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Ақмола облыстық ІІД Арнайы жедел ден қою жасағының инспекторы Роза Искаренова иемденді.