Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“10 проценті маған”. Өтірік құжат жасап, жөргекпұл алған 25 әйелге қатысты іс басталды

Енді Қарағанды қаласы № 1 Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінің жалған құжаттар туралы білген-білмегенін анықтауы тиіс. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің анықтауы бойынша, мұндай оңтайландырылған құжат жинау тәртібі алматылық ерлі-зайыптыларға қарағандылық жүкті әйелдердің табысы туралы жеке кәсіпкерлік атынан жалған анықтамалар әзірлеуге мүмкіндік тудырған. Алматылық ер адам оңтүстік астанадағы «Қазпошта» АҚ бөлімшесінде міндетті зейнеттік және әлеуметтік жарналарды төлеп тұрған. Осы жалған құжаттар негізінде қарағандылық босанған әйелдер жоғарылатылған сомада бір реттік жәрдемақы мен бір жасқа толғанша бала күтіміне берілетін жәрдемақыны жоғарылатылған сомада алған.

Жәрдемақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық секторы меңгерушісінен бөлек, «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасымен Алматы тұрғыны да сот залында отыр. Олар АК 159/1 тергеу оқшаулағышынан сотқа күзетші айдауымен жеткізілді. Алматылықтың әйеліне «кепіл» бұлтартпау шарасы қолданылды. Жөргекпұлдан алаяқтық жасау үшін жүкті әйелдерді іздеген Қарағанды тұрғынына да осындай шара қолданылды.

Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеулер қызметінің дерегіне сүйенсек,

төрт ұйымдастырушының әрқайсысы декреттік жәрдемақыдан өз пайыздарын – түскен қаражаттың шамамен 10 пайызын алып отырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз