Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

«Енді біз сөйлейік». Атырауда бір жігіт «сақал мен хиджабты» қорғап шықты

177

Мәселен, жергілікті тұрғын Мұрат Молдағалиев:

– Неліктен сақалдылар мен хиджаб кигендерден қорқады? Оларға еркіндік беру керек. Сіздер барлық жерде сөйлеп жатырсыздар, бірақ бізді тыңдауды қойдыңыздар. Енді біз сөйлейік. Орамал тартқандарға көзқарас басқа. Мәселен, менің қызым жоғары сыныпта оқиды, ол орамал тартады. Қара емес, ақ. Орамалда тұрған ештеңе жоқ, хиджаб кигеннен ешкім зиян көрмейді. Тынштық бәрімізге керек, – деп бір-ақ кесті.

– Неге «біз» деп бөлектеніп отырсыз? Осы жерде отырғанның бәрі мұсылман. Бұл жерде мектеп формасын сақтау жайы талқыланып жатыр. Менің қызым нөлінші сыныпта оқиды. Сыныбында орамал тартқан кішкентай қыздарға жаным ашиды, – деді облыстық дін істер басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» КММ-нің басшысы Айбек Аташев.

Жанданған дау мектеп формасы тақырыбынан ойысып кетті.

– Олар әке-шешесінен бөлек тамақ ішеді, бірге отырмайды, көршімен араласпайды. Неге қоғамнан бөлінеді? Мектеп заңдылығына бағыну керек. Бұл орайда бар міндетті мұғалімдерге итеріп салуға болмайды, қоғам болып атсалысуымыз қажет. Шындығында қара киім ирандардың киетіні, ақ киім арабтардың киетіні, – деп пікірін ортаға қосты жасы 70-тен асқан ақсақал Төлеу Наурызбай.

Бұдан кейін сөйлеген облыстық прокуратураның бөлім бастығы Аслан Нұрғалиев қалай болғанда да мектеп формасының сақталу қажеттігін баса айтты. Жылыойдан басталған түсіндіру жұмысы енді басқа аудандарда да жалғасатын болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз