Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-8
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Әлемдегі «ең сұлу» әйел анықталды

111

Джулия Робертс

49 жастағы Робертс бұл атақты биыл бесінші рет иеленіп, рекорд орнатып отыр. Актрисаның өзі бұл фактіні «көңіл қуантарлық мақтау» деп атады. Ол әлемнің ең сұлу әйелі ретінде алғаш рет 1991 жылы 23 жасында атанған болатын.

2016 жылы бұл атақты – актриса Дженнифер Энистон, ал 2015 жылы актриса Сандра Буллок алған еді.

Джулия Робертс – көптеген киножүлделердің иесі, соның ішінде 2001 жылы түсірілген «Эрик Брокович» фильміндегі үздік әйел рөлі үшін «Оскар» алған.

Одан бөлек, актриса «Август: Графство Осейдж» фильміндегі «Екінші пландағы үздік әйел рөлі үшін» «Алтын глобус», BAFTA сыйлығына және «АҚШ киноактерлерінің гильдиясы» жүлдесіне үміткер атанды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз