Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай “NK Team” брендімен жейделер шығарды.
Қазақстандық спортшы қыздың жаңалығымен Әділбек Ниязымбетов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.
“Спорт – денсаулық кепілі демекші, бүгінде, спорт өмірдің ажырамас бөлігі. Салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтар физикалық жаттығулар жасаумен қатар, спорттық киімге де назар аударуы тиіс. Айта кететін жайт, бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіл жейделер топтамасын жұрт назарына ұсынбақ”, — деп хабарлады екі дүркін олимипиада күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, жейделер спортшылар мен спорт әуесқойларына арналған.
Айта кетелік, Назым Қызайбай бокстағы көрсеткішімен қатар табиғи сұлулығымен де елдің назарын өзіне бұрған. Шаршы алаңда жарқ етіп шыққан, қаймағы бұзылмаған, жүзінен нұры мен ұяты төгілген қазақ қызына көптеген компанияның көзі түскен. Олар Назымды өз кәсіпорындарының жарнамасына да тартып үлгерді. Әлеуметтік желіні қолданушылар Назымға боксты тастап, шоу-бизнеске неге бармайды екен деп көп ақыл айтады. Расында бокстан алған ауыр жарақаттар кейін денсаулыққа әсер етері сөзсіз. Сондықтан нәзік қызын аяған халқының басым бөлігі оны шоу-бизнестен көргісі келеді.
https://www.instagram.com/p/BSP-movgygI/