Әділет органының өкілдері Сиви Махмудидің анасы Анар Рүстемоваға тиесілі лаундж-барда заңсыз құрылыс жүргізілгенін алға тартып, 520 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Бұған қоса, ғимараттың рұқсатсыз тұрғызылған бөлігін бұзуға санкция бергенді.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Абай Бекжұманов, лаундж-бар басқарушысы:
– Заңсыз деген соттың жері осы жер ғана. Өздеріңіз көріп тұрғандай, кішкентай жер. Бірақ, біз осы жерді заңдастыру үшін құжаттарды өткізіп қойғанбыз.
Абай Бекжұманов, лаундж-бар басқарушысы:
– Бүкіл стенада шумоизолияция орнатылған. Мысалы мына жердің өзінде. Жақында ғана жасадық. Вентиляция бәрі бар.
Мұндай әрекеттің бәрін бізден қаржы өндіріп алу мақсатында, жасап отыр дейді әншінің өкілдері.
Абай Бекжұманов, лаундж-бар басқарушысы:
– Жұмыс жасайды екен журналист болып өзі. Көп мекемелерге заявление жаза бастады. Бізден ақша требовать етті. 60 мың доллардай. Біз оны береміз деп жүрген кезде, ол құнығып кетті де, 100 мың доллар сұрады бізден. Үй алып бересіңдер деді. Басқа жақсы жерден, келісіп едік өзі көбірек ақша сұрады.
Ларисаны іздеп барғанымызбен, үйінен таба алмадық. Оның айыптауларының қаншалықты рас екеніне көз жеткізбек ниетте өзге көршілердің есігін қаққан едік.
Гүлзада апай:
– Иіс те жоқ, шум да жоқ. Милиция да келіп сұраған. Мен жоқ нәрсені бар деп қалай айтамын. Маған ешқандай кедергі келтіріп отырған жоқ. Менің қабырғам мінекей жалғасып жатыр.
Шымкентке сапарлатып кеткен Сиви Махмуди, ертең қалаға орала салысымен заңгерлерімен кеңесіп, аппеляциялық шағым түсіруге құлықты, дейді қол астындағы қызметкерлері. Себебі, сот шешімін орындап, олар ғимараттың заңсыз қосып алған бөлігін қиратуға келіспей отыр.