Электр көлік шығаратын жаңа өндіруші – америкалық Lucid Motors жақсы көлік шығарыпты. Онысын Нью-Йорктегі халықаралық автокөрмеге әкелген екен.
Air деген маркалы Alpha Speed Car деп аталатын көлігі сағатына 350 шақырым жылдамдықпен жүріп, тесттен сәтті өтіпті. Соның видеосын жұртқа көрсетті.
Бір ай бұрын Lucid Motors Air седандарының бағасын жария еткен. Базалық 400 аттың күші мен бір зарядпен 386 шақырым жол жүретін моделі 52,5 мың доллар болады, бұл Tesla Model S-тің ең арзан нұсқасынан 7 мың долларға арзан.
Бірақ алдымен нарыққа 1000 аттың күші бар, толық жетекті арнайы Launch Edition версиясы шықпақ. Ол базалық нұсқадан екі есеге қымбат болады.