Бұл туралы 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Әнші магистрлік диссертациясын жазу барысында ғылымның майын ішкен жандардан көмек сұраған.
«Әрине, ат үстінде жүрген азаматпыз. Ғылымда жүрген көптеген аға-әпкелеріміздің, әріптестеріміздің көмегіне жүгінген кездерім болды. Бағлан Бәбжан деген азаматша бар. Консерваторияда сабақ береді. Біраз ақпараттар жинауыма көмектесті деп айтсам болады. Оның үстіне Google «апай» да жаман кеңесші емес қой. Десек те Google-ға енбеген, зерттеуді көп қажет ететін дүниелер бар»
– деп түсіндірді әнші.
«Көкек өз атын шығарады. Ертең бірдеңені дәлелдеп, жақсы жетістікке жетіп жатсақ… Біздің жасағанымыздан жасайтынымыз көп әлі. Сол кезде жазылса жарасады деп әлі де бас тартып жатырмын. Алла нәсіп етсе басқа тақырып таңдайтын сияқтымын.