Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс BBC Radio 2 радиоарнасына берген сұхбатында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0, 33 КО) 24 маусымда Лондонның О2 Arena залында жекпе-жек өткізуі мүмкін екендігін жеткізді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, осы аренада Головкин басқа бір ұлыбританиялық боксшы – Келл Брукпен жекпе-жек өткізген болатын. Кездесу 2016 жылы 10 қыркүйекте өтті және бесінші раундта Бруктың командасы шаршы алаңға орамал лақтырғаннан кейін, кездесу тоқтатылды.
“Келіссөздерге қатысты мәселелердің барлығы шешілсе, кездесу 10 маусымда Қазақстанда өтеді”, – деген еді ол.
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz