Ирак астанасының оңтүстігіндегі блокбекетте мина қойылған жүк көлігінің жарылысы салдарынан 17 адам қаза тауып, 60-тан астамы жарақаттанды.
Осындай жаңартылған деректерді ирак полициясындағы дереккөздеріне сілтеме жасаған Reuters агенттігі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жүк көлігінің жанында болған өзге бірнеше көлік те жалынға оранды.