Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-8
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Байдан шыққан мұғалім оқушыға үлгі бола ма?

148

Келіспеске болмайды. Мен өзім де күйеуіммен ажырасқан адаммын. Мектеп жасындағы екі балам бар. Рас, өмірге, тағдырма, мені сатып, өзгемен бас қосқан бұрынғы күйеуіме ішімде қыжыл бар.

Ұжымда да мен секілді ажырасқан он-шақты келіншек бар

Өзім сабақ беретін сыныптарда қаншама баланың әке-шешесіз өсіп жатқанын білемін. Көңілі жарымжан балаларға бірдеңе деудің өзі қиын.

Негізі, біздің мектептегі ұстаздар қауымының 90 пайызы әйелдер десем, артық айтпағаным. Шындығында олар оқушыларға қандай тәрбие бере алады?

Жақында мынадай оқиға болды: 10 сыныптың жетекшісі едім. Сол өз сыныбымның бір оқушы қызы жүкті болып қалыпты. Үлкен айқай-шу болды. Ата-анасын шақырып сөйлеспек болып едім.

«Менің қызымда қақың болмасын. Екіқабат болса, өзінің сүйген баласынан болды. Алдымен өзіңді жөндеп ал. Байыңа ие бола алмай жүріп, бізге ақыл айтқың келеді. Байсырап жүрген сен балаға қандай тәрбие бересің, сорлы неме»,

демесі бар ма, әлгі қыздың шешесі өзіме тап беріп.

Оқушылар бар, өзгеде ұстаздар отырған еді. Мұндай қорлық сөзге шыдай алмай, жылаған күйі есіктен шығып кеттім. Мұндай жайттар тек менің ғана емес, өзге де мұғалімдердің басында талай болды. Кейде «Апай, не үшін ажырастыңыз. Айтыңызшы, қызық қой», деп ерігетін оқушылар да бар.

Қатты қысыламын. Мектептен кетіп-ақ қалғым келеді. Бірақ қайда барамын? Күн көру керек, бала-шағамды асырау керек дегендей…

Жалпы, мектепке еркек мұғалімдер, ер адамның қатқыл мінезі жетіспей жатады. Егер еркек мұғалімдердің қатары көп болса, оқушылар да ығып, тәрбиесі жөнделіп қалар ма еді?

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз