Енді Алматы мен Ташкент қалалары арасында “Тұлпар-Тальго” жүрдек пойызы қатынайтын болды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Ташкентте “ҚТЖ” ҰК” АҚ мен “Узбекистон темир йуллари” АҚ делегациялары арасындағы кездесу аяқталды. Онда екі ел үкіметінің бұрын уағдаласқан келісімдерін жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Онда “Алматы-Ташкент” бағытында халықаралық жолаушылар пойызын іске қосу мәселесі көтерілген болатын.
Еске сала кетсек, Наурыз мерекесі қарсаңында №1/2 “Алматы-Ташкент” халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылады. Пойыз “Тұлпар-Тальго” вагондарымен жаңа үлгіде жабдықталған.
Пойыз Алматыдан дүйсенбі және сенбі күндері шықса, Ташкенттен бері қарай сейсенбі және жексенбі күндері шығады. Ара қашықтық 16 сағат 30 минут. Жолдағы бекеттер: Отар, Шу, Тараз, Шымкент, Сарыағаш, Ташкент.
Ақпарат көзі: Stan.kz