Жұмыс берушілер олар үшін бюджетке 436,9 миллион теңге салық төледі.
2017 жылдың ақпан айында жергілікті атқарушы билік шетелден жұмыс күшін тартуда 2063 рұқсат қағазын берді, одан ел қазынасына түскен салық көлемі 436,9 миллион теңге болды
деп хабарлады LS басылымы.
2017 жылдың 1-қаңтарында қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген тәртібі өз күшіне енді. Оған сәйкес рұқсат беру құжатын қарастыру мерзімі қысқартылып, жұмыс берушіге қойылатын әкімшілік тәртіптердің күші жойылды.
Осындай айырықша жағдай жасалғандықтан жұмыс берушілер сырттан тартқан жұмыс күші үшін салық төлеуді өз мойнына алды. Салық алымының көлемі шетелдік жұмыс күшінің категориясы мен қай салаға бағытталауына байланысты 137-ден бастап 250 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Бұл шамамен 290 мыңнан 530 мың теңге аралығын қамтиды.
Дегенмен жұмыс берушілерден қол астындағы жұмысшылардың тепе-теңдігін сақтау міндеті алынып тасталған жоқ. Басшылық қызметте жергілікті азаматтардың 70 пайызы, білікті кадрлар ішінде 90 пайыздық үлес сақталуы керек.