Атырау облысының Исатай аудандық сотында Исатай ауданының экс-әкіміне және аудандық әкімдіктің экономика және қаржы бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 2 бөлігі, 367 бабының 2 бөлігі (Пара беру), 189 баптың 3 бөлігі 2 тармағындағы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе жою) қылмыстарды жасады деп айыпталған.
Сөйтіп, К.Е. жәрмеңкеде балық өнімдерін ұсынушы «Амангелді» өндірістік кооперативінен 50 000 теңгеге «сазан» балықтарын қарызға жаздырып алады. Атырауға келген соң К.Е. әкімге кооперативке қарызын қайтарып беру керек екенін ескертеді. Әкім оған сыйақы ретінде 83 000 теңге беретінін айтып, өз кезегінде ол 50 000 теңгесіне қарызды төлеп, қалған ақшаға танысының өтініші бойынша «қой» малын алып беруді тапсырады.
Екінші эпизод «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты. Бағдарламаның талабына сәйкес ауданда қызмет етуге бел буған жас мамандарға мемлекет тарапынан тұрғын үй берілуі тиіс. Осындай бір маман Исатай ауданына келіп, оны бір үйге орналастырады.
Кейін анықталғандай, аталған үй аудан әкімінің жақын туысына тиісті болған, ал оның жалдау құны мемлекет тарапынан өтелген. Бұл факті Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің маманының тексеруі кезінде анықталады. Департамент маманы кемшілікті анықтамаға енгізетінін айтып, Астана қаласына кетіп қалады.
Мәселенің ушығып кетуінен қорыққан әкім, лезде оның артынан Исатай аудандық әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Р.Қадыржанованы Астанаға жібереді. Ол тексеруші маманға 150 000 теңге қаражатты пара ретінде беруі керек болған. Қызығы ол параны өз қаражатының есебінен беруі керек болған, өйткені әкім келгесін сыйақы жазу арқылы ақшаны қайтарып беруге уәде берген.
Сотта Т.Султанбеков кінәні мойындау туралы мәмеле түріндегі процестік келісім жасақтады. Соған сәйкес сот оған 4 560 150 тенге айыппұл салып, қылмыстық жолмен табылған мүлікті тәркілеп, өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырды.
Қылмыстық істің екінші сыбайласы Р.Кадыржановада кінәлі деп танылып 4 500 000 теңге айыппұл жазасына кесілді. Алайда, рақымшылық заңының қолданылуына байланысты жазаны өтеуден босатылды.
Дереккөз: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі