Петропавлда ағаш материал опырылып, үш құрылысшы биіктен құлап кетті.
Петропавл қаласында құрылыс басында ағаш материал опырылып, үш жұмысшы биіктен құлап кетті; олардың екеуі әртүрлі жарақат алып ауруханаға жатқызылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екі зардап шегуші ауыр жарақат алғанымен, үшінші құрылысшының еш жері мертікпепті.
Құрылыс басындағы төтенше оқиғаның себептерін мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы анықтауда, жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр.