Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Алмат Ермағанбаетовтың қызметке қайтып келу туралы шағымы сотта қаралып жатыр.
Талапкер қорғаушысы шенеуніктің пара бермегенін, тек танысына дайындық сабағы үшін сыйлық жасағанын алға тартады деп хабарлады Аktobenews.kz.
Осыған дейін облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмат Ермағанбетов бір қызын Назарбаев зияткерлік мектебіне, екінші қызын Назарбаев университетіне түсіру үшін 7 183 000 мың теңге берген. Лауазымды қызметте болған ол осы әрекеті үшін жұмысынан қуылды.
Азаматтық іс кеше басталды. Алмат Ермағанбетов 6-шы желтоқсан күні жұмыстан шығарылған болатын.