Бүгін үйге азық-түлік алайын деп Астанадағы сауда орталықтарының біріне бардым.
.Анау сөрелердегі сатылып жатқан тауарлардың (азық-түлік, тұрмыстық заттар, киім-кешек жəне т.б.) 80% шетелдікі. Өзіміздікі тым аз. Таң қалғаным, киім-кешектің барлығы (іш киім, шұлық, майка, балалар мен ересектер футболкалары жəне т.б.) қырғыз бен өзбектікі. Текстиль солардікі. Сапасында мін жоқ.
“Бай мемлекетпіз” – деп мақтанатын бізде не өндіріледі өзі? Экономикасы мен əлеуметтік ахуалы бізден бірнеше саты төменде тұрған Қырғызстан мен Өзбекстаннан үлгі алайықшы, құры көкіректі кере бергенше…Бизнеске “зеленый светофор” болмай жүргеніміз осы бола бермек..
Даурен Болыс
Facebook-тегі парақшасынан