Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Құны 2,3 млрд доллар тұратын Қазақстан-Қытай жобасының жайы талқыланды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Тараптар Мемлекет басшысының Жолдауындағы Қытаймен бірлесіп Қазақстанда өндіріс ашу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. Осы талқыда «Жамбыл облысы аймағында таулы химия-металургиялық кешеннің құрылысы мен «Павлодар» еркін экономикалық аймағы» жобасын жүзеге асыру мәселесі сөз болды. Сю Вэйхун ұлттық валюталармен (теңге-юань) есептесу тетігі мен Шанхай және Қазақстан биржаларының әлеуетін пайдаланудың аса қажеттілігін атап өтті.

Өз кезегінде Нұрышев аталған жобаның Қазақстан мен Қытай арасындағы инновациялық технологияларды меңгеру, Қазақстанның экологиялық талаптарына жауап беретін жаңа өндірістерді ашу бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі болуы мүмкіндігін атап өтті.

Айта кетейік, жобаның құны 2,3 млрд долларды құрайды.

Серіктес ретінде Қытай тарапынан China Metallurgical Group Corporation, China Machinery Engineering Corporation және AVIC corporation компаниялары шығып отыр. ҚХР-на ұшақ өндірісінде қолданылатын титан диоксидін, кремний диоксидін, ванадий пентооксидін экспорттау жоспарланып отыр.

Жоба 1100 адамды жұмыспен қамтиды деп күтілуде. Өндіріс инновациялық, шығыны төмен, экологиялық жағынан таза өнімдер арқылы жүзеге асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз