Универсиада-2017 дирекциясының 33 жастағы қызметкері Бауыржан Рафиков қайтыс болып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Біздің қызметкерлеріміздің бірі өзін жайсыз сезініп, реанимобиль шақырдық. Ол 7 минуттан кейін келді“, – дейді Нуров.
Дәрігерлер 40 минут бойы Бауыржан Рафиктовтың өмірі үшін жанталасты, бірақ олар шарасыз болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, қызметкердің өліміне жүрек талмасы себеп болуы мүмкін“, — деп қосты ол.
Қайтыс болған жігіттің дирекцияда жұмыс істеп жүргеніне әлі бір ай да толмапты. Оның артында қарт анасы, әйелі мен екі баласы қалыпты. Марқұмды жерлеу шығыны мен оның отбасына өтемақы төлеуді дирекция өз мойнына алмақ.