Осыдан тура бір ай бұрын Талдықорғанда шығарылатын аккумулятор батареяларының алғашқы партиясы алыстағы Африка құрлығына жіберілген еді, дейді khabar.kz.
Тұтынушы тарап қазақстандық өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр.
Жақсылық Сипағатов, аккумулятор зауытындағы сату бөлімінің жетекшісі:
— Біз Африкаға алғашқыда 5 мың данадай аккумулятор жіберген едік. Тез сатылды. Енді одан да көбірек етіп жібермекшіміз. Осылайша алыс елмен байланысымызды нығайта түсеміз. Бұл екі жаққа да тиімді болады.