“Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ басқарма төрағасы болып Ләззат Ибаргимова тағайындалды.
Бұл туралы “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.
“Бәйтерек” басқарамасының төрағасы Ерболат Досаев холдингтің еншілес ұйымы — “Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Ол банктің директорлар кеңесінің мүшесі Ләззат Ибрагимова болды.