Сүйінші! Димаш Құдайберген Қытайда кіл мықты әншілер іріктеліп алынған “Мен әншімін” телебайқауының алғашқы кезеңінен сүрінбей өтіп, бәрінен оқ бойы озық шықты.
22 жастағы жерлесіміз «SOS d’un terrien en détresse» атты француз әнін шырқады.
Димаш әлеуметтік желіде байқауалды жазбасының бірінде: “Дауысымды сан құбылтып, баршаның есін шығарамын” деп еді. Айтқанындай-ақ аузын ашып, басын шайқаған Қытай аудиториясы Димашқа бір реттен “ғашық” болды. Ол бірінші кезеңнен еш қиналыссыз, сүрінбей өтті. Оған алда тек сәттілік тілейміз!
Димаш телебайқауда алғашқы болып сахнаға шықты.
https://www.youtube.com/watch?v=p3OYCWZOklQ
“Мен әншімін” жобасының І-кезеңі, жүлдегерлерді анықтау сәті (ТОЛЫҚ НҰСҚА)
https://www.youtube.com/watch?v=aEu7-yG7Kbw
Димаш Құдайбергенмен тізгін қағыстырып, додаға түсіп жатқан бәсекелестері туралы мәлімет
https://www.youtube.com/watch?v=tWg36aI5pYw
Қытай арнасындағы Димаш Құдайбергенді таныстыру мәліметі
https://www.youtube.com/watch?v=yT5L_-P4Fus