Президент билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Жұмыс тобын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков басқарады.
Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің, Үкіметінің, Жоғарғы Сотының, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ заңгер қоғамдастығы мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықтың өкілдері кірді.
Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси жүйесінде өзгерістердің болуы – президенттің, үкіметтің және парламенттің өкілеттіктерінің қайта бөлінуінің мүмкіндігі туралы бірнеше дүркін айтқан болатын.
2015 жылы Конституциялық кеңестің төрағасы Игорь Рогов өкілеттіктерді қайта бөлу ел Конституциясына өзгерістер енгізуді талап ететінін түсіндірген еді.