Солтүстік Қазақстан облысында ішкі істер департаменті үздік мемлекеттік орган деп танылды, – деп хабарлайды аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.
Жылдың соңында мұндай жағымды жаңалықты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жеткізді. Партиялықтардың негізгі шешіміне солтүстікқазақстандық полицейлердің облыс тұрғындарымен бірлесіп атқарған орасан зор жұмысы түрткі болған екен. Өңір жолдарындағы «Қоғамдық қабылдауларды» ұйымдастыру, партиялықтармен бірлесіп өткізілген рейдтер, биылғы жылғы көктемдегі су басу кезінде халыққа көрсетілген көмек, баспанасыздарға арналған түнеу орнының ашылуы, көкейтесті мәселелерді уақтылы шешу – осының бәрі жылды қорытындалу кезінде ескерілді.
Грамота мен «Партияның қоғамдық қабылдауының жұмысына қосқан белсенді үлесі үшін» деген ойып жазылған арнайы сыйлық департаменттің мұражайының арнайы экспозициясына қойылмақ. Себебі, ведомство тарихында департамент тұңғыш рет жұртшылықпен етене жүргізген жемісті жұмысы үшін осындай мәртебеге ие болып отыр.
Жыл басынан бері департамент бастығы Берік Біләлов партияның облыстық филиалында 5 рет азаматтарды қабылдау өткізді. Биылғы жыл полиция ведомствосында аудандық бөліністер жылы болып жарияланды. Әр ауданда көшпелі кеңестер, халық алдындағы есеп беру кездесулері, азаматтарды қабылдау ұйымдастырылды.
Полиция ведомствосының басшысы 50 артық ауылдық округке барып, оның қабылдауында 258 адам болып қайтты. Әр өтініштер, өзекті мәселелер оң шешімін табу үшін құқықтық деңгейде қыруар жұмыстар атқарылады. Полиция ведомствосының осындай қоғамдық маңызы зор шаралардағы ролі елеусіз қалмады.
Департамент бастығы награданы қабылдау кезінде партиялықтарға өзара іс-қимыл үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ішкі істер органдары жұмысында халықтың мүддесін басты назарда болатындығын сендірді.
– Келер жыл Жергілікті полиция қызметінің жылы деп жарияланды. Алда облыс халқының қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар тұр, оны мінсіз атқару үшін халықпен тығыз қарым-қатынас жасауды жалғастыра береміз…», – деп қорытындылады полиция генерал-майоры Берік Біләлов.