Мұнайдың әлемдік құны артады.
Сарапшылардың пікірінше, осы аптада «қара алтынның» қоры төмендеген. Сауда мәліметіне сүйенсек, Brent маркалы солтүстік мұхиттағы мұнай қоспасының ақпандағы фьючерстерінің белгіленген құнында бір баррель 1,55 пайызға, яғни 55,77 долларға өсті.
Landesbank Baden-Wuerttemberg сарапшысы Фрэнк Кламптың (Frank Klumpp) пікірінше, Brent маркалы мұнайдың бағасы жақын апталарда барреліне 53-57 доллар аралығында болады.