Әлеуметтік желіде Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің көлік кортежінің көшемен кетіп бара жатқан видеосы жарық көрді.
Бір ерекшелігі шенді үшін көшедегі қозғалыс тоқтатылмаған, оның орнына кортеж көліктері терезесінен басын шығарған ер адамдар қолын көтеріп, жол сұрап, одан әрі жол қозғалысын көп ірікпей кете береді.
Терезеден басын шығарған, ақ қолғапты ер адамдар өзге көліктерден әдеппен өтініп жол сұрайды. Мұндай мәдениеттілік пен қарапайымдылық интернеттегі көпті таң қалдырып, жақсы көзқарас туындатуда.