14 желтоқсан күні Пхукет қонақ үйінің 5-қабатынан секіріп кеткен қазақстандық турист Патонга госпиталінде көз жұмды.

Бұл туралы thaigovno.com шетелдік сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Ер адамның неден мерт болғанын полиция әзірге ештеңе айта алмайды. Оның өлімі туралы ақпарат елшілікке жіберілді. Қайтыс болған Темірәлі Рысқұлов 42 жаста болған. Оның Фейсбуктағы жазбаларына қарағанда тапсырыспен кәдесый монеталарын соғумен айналысқан.