Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
8
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

«Жаңа серпін» Жаңаөзеннің ажарын кіргізді

Аталған шара аясында бір ай бойы Жаңаөзен қаласы және оған жақын орналасқан елді мекендердің азаматтарына кәсіпкерлік бағытында мемлекеттік қолдаулардың қыр-сыры түсіндіріліп, білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, арнайы оқыту курстары ұйымдастырылған болатын.

– Тек ғана «Жаңа серпін» бағдарла­масы емес, жалпы кәсіпкерлікті дамытуға арналған шаралардың жүзеге асуына белсенді атсалысып жүрген өңір басшысы Алик Серікұлына алғысымды білдіргім келеді. Еліміз бойынша кәсіпкерлерге бірден-бір үлгілі қызмет көрсететін орталық осы Маңғыстау облысында орналасқан. Ақтау қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталыққа арнайы ғимарат беріп, жағдай жасаған облыс бас­шысына ризашылығымызды білдіреміз. Расында да «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағдарламасын қолға алған кезімізде іштей қобалжу болды. Жер­гі­лікті халық қалай қабылдар екен? Атсалысып, жобамызды қолдай ма? – деген сан сауалдың болғаны рас. Бір айдан кейінгі нәтиже қорытындысында халықтың жобаға қолдау көрсеткенін, мұндай бағдарламаның жаңа­өзен­діктерге қажет екендігін, кәсіпкерлікті дамытуға мұнайшылар қаласында жағдай жасалғанын көрдік. Енді арнайы білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттырған тұрғындар жеке кәсіп ашып, облыста кәсіпкерліктің дамуына үлес қосатын болады. Жалпы, еліміз бо­йынша алғаш рет Мұнайлы ауданында «Бастау» мектебі ашылған болатын. Жемісті еңбек еткен мұндай мектеп 2018 жылы еліміздің 94 аудан орта­лығында жұмысын бастайды, – деді жиында сөз алған ҚР «Атамекен» ҰКП-ның басқарма төрағасы Абылай Мыр­захметов.
Жиында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өңірлік даму департаментінің атқарушы директоры Дінмұхаммед Әбсаттаров «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағдарламасы бойынша жасал­ған жұмыстарға тоқталып, баяндама жасады. Ақпараттық-әдістемелік қол­дау іс-шаралар аясында бизнес-ор­таны жақсарту және дамыту жөніндегі «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағдар­ламасы бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылған. Аталмыш бағдарлама ая­сында 700-ден астам жаңаөзендік тұр­ғын кәсіпкерлікті ашу, мемлекеттік бағдарламалар, әкімшілік кедергілер мен жер мәселесі, бизнес жоспарды жа­сақтау, бизнесті жүргізуде ин­фра­құрылымның қолжетімділігі, жұмыспен қамту жөнінде кәсіптік-техникалық оқу, қайта даярлау мәселелері бағы­тында білікті мамандардан жан-жақты кеңес алған. Сонымен қатар екі бизнес мектебі іске қосылған. «Bastau бизнес» жобасын  іске қосу бойынша өзін-өзі қамтыған және ісін жаңа бастаған жұмыссыз тұлғаларға кәсіпкерлік бел­сенділігін арттыру барысы оқы­тылған. Арнайы консультациялық орталық ұйым­дастырылып осы арқылы бас­таушы және жұмыс істеп тұрған кә­сіпкерлерге барлық шаралар бойынша қаржылық қолдау көрсетілген. Одан бөлек, «Bastau кәсіп» жобасы жұмыс­сыз­дарды оқытқан, оның ішінде жас­тарға басымдылық берілген. Одан бө­лек Жаңаөзен қалалық жастар ор­­­т­а­­­лығында «Жәрмеңке» форма­тын­да­ғы жиын ұйымдастырылып, білім департаменті жоғары оқу орындарының және  ҚР қорғаныс министрлігінің та­ныс­тырылымы өткен. Ақпараттық түсіндіру шарасына 850-ге жуық жо­ғарғы сынып оқушылары мен олар­дың ата-аналары қатысқан. Оларға жоғары оқу орындарына қалай түсу керектігі, жеңілдіктердің қарастырылу мәселесі бойынша толыққанды мәлімет берілген. Қорғаныс министрлігінің өкілі интер­нат­қа, кадет бөліміне өзге де әскери оқу орын­дарына түсудің шарттарын тү­сіндірген.
– Сондай-ақ елімізге танымал бе­л­гі­лі ақын, публицист әлеуметтік желі­лер­де 336 мың оқырманы бар Қалқаман Са­рин «Жаңаөзенге – жаңа серпін» жо­басын толыққанды жеткізу мақса­тын­да арнайы шақыртылды. Ол өз кезе­гінде шаһарда еркін форматта  шығар­ма­­шылық кешін ұйымдастырды. Со­ны­мен қатар Қ.Сарин «Атамекен» пі­кірталас клубының кезекті отырысын өткізді. Отырысқа арқау болған негізгі  тақырып  «МО АӨК дамуының бола­ша­ғы бар ма?». Жиынға 30-ға жуық сарап­шы, шаруа қожалық иелері, жергілікті ауыл шаруашылығы және су ре­су­рс­тары дамуына жауапты мамандар қатысты. Бизнес-ортаны жақсарту және дамыту жөніндегі «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағ­дарламасы бойынша шамамен 30-дан аса іс-шаралар өткі­зілді, – деген ҚР Ұлттық кәсіп­кер­лер палатасы өңірлік даму департаментінің атқарушы директоры Дінмұхаммед Әб­сат­таров мұнайшылар қаласында «Жы­лы­жай өндірісін ұйымдастыру» жо­ба­сын таныстырды. Жоба жүзеге асса, жылыжайдан бір отбасыға түсетін таза пай­да – 11,9 млн теңгені құрайтынын атап өтті. Сондықтан да «Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар колледжі» базасында ауылшаруашылық бағытындағы жаңа мамандықтарды ашу жөнінде ұсыныс айтты. Алдағы уақытта «Бір терезе» принципі бойын­ша Жаңаөзен қаласында толыққанды кәсіпкерлерге қызмет көрсету және call-centr қызметін көрсететін орта­лық­тар ашу,  «Серпін – 2050» жобасының тұрақты қызмет атқаратын штабын жасақтау бағытында да ұсынысын жеткізді.
Сондай-ақ жиында «Жаңаөзенге – жаңа серпін» бағдарламасына қатысқан бірқатар кәсіпкерлер сөз сөйлеп, пі­кір­лерін айтты. Тұрғындардың басым көпшілігі жер мәселесі, әкімшілік ке­дер­гілер, құжат рәсімдеуге қатысты  ша­ғымдар айтып, мал өнімдерін қа­был­дайтын орталық ашса деген тілектерін білдірді. Өз сөзінде ҚР «Ата­ме­кен» Ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сының басқарма төрағасы Абылай Мырзах­метов көтерілген мәселелер аяқсыз қалмайтынын ескертіп, ауыл­шаруа­шылық саласы бойынша өндірілген өнімдерді қабылдайтын орталық ашу мә­селесін қарастырылатынын жеткізді.
– Кәсіпкерлердің атынан «Жаңа­өзенге – жаңа серпін» бағдарламасын ұйымдастырған азаматтарға алғыс ай­та­мын. Бір ай ішінде біз білімімізді толықтырып, көптеген ақпараттармен таныстық. Кәсіпкерлікті  алғаш қолға алған кездерімізде де көптеген ке­дер­гілердің болғаны рас. Алайда Үкіметтің арқасында, әртүрлі кәсіпкерлерді қолдаған бағдарламалардың нәти­же­сінде осы күнге жетіп отырмын. Бала­ларымды осы жұмысымның арқасында оқыттық… Бүгінгі жиында «қандай мәселе болса да, бірлесіп шешеміз, кә­сіп­керлерге барлық жағдай жасай­мыз» деген сөздеріңіз көңілімізді бір сер­пі­л­тіп тастады. Жаңа серпіннен алған білімімізді біз енді жұмысымызда қолданып, аймағымызда кәсіпкерліктің кең қанат жаюына үлес қосамыз, – деді қала тұрғыны Тілектес Болатбаева.
Мұнан кейін аймақ басшысы «Өзен Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында, «Энергетик» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде, жергілікті полиция қызметі бөлім­шесінде болып, жұмысымен танысты.
– Кіші жылу электр орталығын Тә­уел­сіздіктің 25 жылдығында іске қо­самыз деп жоспарлап отырмыз. Мұның нәтижесінде қаламызда тоқ өндіретін үш трубина іске қосылады. Яғни, «МАЭК» мекемесінен алатын тоқтан босатылып, жылу қазандықтарының өз алдына тоқ өндіретін боламыз. Ос­ы­лайша, кәсіпорынның әлеуметтік-эко­номикалық жағдайын жақ­сарт­пақ­шы­мыз. Орталықты іске қосу үшін 7 млрд-тан астам қаржы жұмсалды. Кіші жылу электр орталығы толықтай жұ­мы­сын бастаған кезде мемлекеттік меке­ме­лерге, қаладағы 245 тұрғын үйге жылу берілетін болады, яғни, жылу же­тіспеушілігі толықтай жойылады, – де­ген «Өзен Жылу» мемлекеттік комму­на­л­дық кәсіпорнының басшысы Әділбек Байрамұлы бүгінде кәсіп­орында 375 адам табысты еңбек ететінін айтты.

????????????????????????????????????

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз