Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
4
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерриштің әлемде қалыптасқан қазіргі уақыттағы күрделі геосаяси жағдайда қызмет атқаруына тура келетінін айтты.

– Бас хатшы лауазымындағы ауқымды жұмысыңыз барысында Қазақстанның қолдауына толық сенім арта алуыңызға болады, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміз бен БҰҰ арасында сенімді және сындарлы қарым-қатынас орнағанына тоқталып өтті.

А.Гутерриш БҰҰ-ның Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымында қызмет атқарған кезінде көрсеткен ілтипаты үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтып, өзара тиімді іс-қимыл одан әрі жалғаса  береді деп үміттенетінін жеткізді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

e5d7b4abec3c371052dbb0b345a0a68b_l

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз